CaspianLife, 18 қараша — Кеше 21:00 шамасында Атырау-Индер тас жолында жол апаты орын алды.
«Youtong» маркалы қоғамдық көліктің 37 жастағы жүргізушісі Индер ауданына қарай бара жатып жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Қатты соққыдан 34 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталып, терегу амалдары жүргізілуде.