CaspianLife, 17 қараша — Бүгін 11 сағат 19 минутта Атырау қаласы, Химпоселок ауылы, Жайық көшесінде жеке тұрғын үйлердің бірінен түтін шыққаны туралы шақырту түсті.
Өрт сөндіру бөлімшесі шақырту орнына жеткен кезде уақытша тұрғын үйдің ашық отпен жанып жатқандығын анықтаған. Аталмыш мекенжайда тұрғын үй мен гараж төбе жабындысының өртенуі орын алды. Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының нәтижесінде жақын орналасқан көрші тұрғын үйге өрттің таралуына тосқауыл жасалды.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 12 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.
Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ.