CaspianLife, 16 қараша — Атырауда қоғамдық орында мас күйде жүрген 70-тен астам тұлға анықталды. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Мысалы, 9 қараша күні сағат 20:00 шамасында Атырау қаласындағы №2 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген аумақты аралау барысында көп қабатты үйлердің бірінің дәлізінде мас күйде жүрген 1987, 1978, 1985 ж.т. 3 азаматты анықтады.
Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабымен (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік жауапкершілік көзделіп, әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Мәліметке сүйенер болсақ, Атырау қаласы аумағында жыл басынан бері қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 900-ден астам тұлға анықталып, барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 200-ге жуық тұлғаның осы құқық бұзушылықты қайталап жасағаны анықталды.
Мұндай құқықбұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бірінші рет 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл, ал бір жыл ішінде қайталап жасалған бұзушылық үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе бес тәулікке қамау көзделген.