CaspianLife, 15 қараша — Атырауда тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты деп хабарлайды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Құтқарушыларға түтін шығып жатқаны туралы хабар 14 қараша күні сағат 22:18-де түскен. Олар оқиға орнына жеткенде көп қабатты үйлердің бірінің асүйінде тұрмыстық заттар жанып жатқанын байқаған.
Өрт сөндіру кезінде 2 ересек пен 4 кәмелетке толмаған бала өз күштерімен эвакуацияланған. Жарты сағаттан кейін өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
«Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 7 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталуда», — делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, құтқарушылар тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырды.