CaspianLife, 11 қараша — Атырауда аналарға алтын және күміс алқалар табысталды. Бұл туралы қала әкімдігінң баспасөз қызметі хабарлады.
Ел Президентінің 2022 жылғы 17 қазандағы №1048 Жарлығымен Атырауда 11 ана «Алтын алқа» және 49 ана «Күміс алқа» иегері атанды.
Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өткен шараға қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов қатысты.
Марапаттау рәсімін өткізген әкім орынбасары аяулы аналарды құттықтап, аналардың бала тәрбиесіндегі және қоғамдағы жоғары рөлін айрықша атап өтіп, өз алғысын білдірді.