CaspianLife, 9 қараша — «Атырау-Индер» тас жолының бір жақ бөлігі ашылды. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш трассаның ұзындығы 2 шақырымды құрайды. Қайта жаңғырту мақсатында жасалған жол жөндеу жұмыстары «Атырау-Доссор» тас жолынан Томарлы елді мекеніне дейінгі аралықты қамтыды.
«Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады. Туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңыз сұралады», — делінген әкімдіктің инстаграм парақшасында.