CaspianLife, 6 қыркүйек — Атырауда бір айда 37 мас жүргізушы анықталды деп хабарлайды қалалық ПБ-ның баспасөз қызметі.
Жол сақшылары 3 қыркүйек күні Авангард ықшам ауданында Mitsubishi көлігін тізгіндеген күдікті жүргізушіні байқаған. Аталған көлікті тоқтатып, медициналық сараптама жасатқаннан кейін азаматтың мас екені анықталды. Жүргізушіге хаттама толтырылды. Ол сондай-ақ, 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.
Жедел басқару орталығының қызметкерлері соңғы бір айда 37 мас жүргізушіні анықтағандарын айтады.