CaspianLife, 22 сәуір — Атырау-Астрахань тас жолының құрылысы облыс әкімі Серік Шәпкенов пен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың бақылауында болмақ.
Аймаққа іссапармен келген министр мердігер мекемелерге атқарылған жұмыстың есебін күн сайын беріп отыруды тапсырды.
Министрлік тарапынан Атырауға 1-2 мамандарды жібереміз. Тікелей осы жолға жауап беріп, күнде қарап жүрсін деп. 2022 жылы жолдың ашылуын көзделіп отырмыз. Көлік жүрсін деп. Толығымен жан жағында инфрақұрылымы бар 2023 жылы бітіреміз деп жоспарлап отырмыз,- деді ҚР ИИД министрі Қайырбек Өскенбаев.
Өткен ғасырдың 70 жылдары салынған, ұзындығы 277 шақырым тас жолға асфальт төсеу жұмыстарын биылғы жылдың соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру үшін барымызды саламыз дейді басшылар. Қазіргі кезде 6 участокке бөлінген жол бойында 4 мердігер компания жұмыс істеуде. Құрылыс материалдарының негізгі бөлігі теміржол арқылы жеткізіліп жатыр.
Тас мәселесі үлкен мәселе. Министрліктің басшылығымен жиналып, бір жоспар қойып, бір бағдарламаға қол қойып ҚТЖ бірігіп, тас мәселесін шешіп жатырмыз. Вагондармен тиісті қамтылу жүріп жатыр. Қымбаттап жатқаны бар. Оны түсінеміз. Біз мердігерлермен келісіп отырмыз. Ақша бөлінген ғой. Ол қаржы жеткенше жұмысты тоқтатпаңдар, халық шулап жатыр. Паралелльно қымбаттау мәселесі болып жатса үкіметпен бірлесіп шешуге тырысамыз, — дейді «Қазавтожол» ҰҚ басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев.
Былтыр құрылысқа пайдаланылған топырақтың құрамынан гипс шыққандықтан кейбір участоктегі жұмыс тоқтап қалған еді. «Қазавтожол» АҚ басшысының айтуынша, 2 техникалық санаттағы жолды реконструкциялаудан өткізу үшін 76 миллиард теңгеден астам ақша қарастырылған. Оның 15 проценті республикалық бюджеттен бөлініп, 60 шақырым жол ашылды.