CaspianLife, 14 ақпан — Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллиннің айтуынша, перзентханаларда жүктілікті есепке алу қызметіне бағаны заңсыз өсіру дерегі анықталған.
«Перзентхана қызметкерлері шығындарға заңнамамен алынып тасталған қызметтердің басқа да шығындарды негізсіз есептеген. Қалалық прокуратура қызметкерлері баға көрсеткішінің заңсыз өсіру тәжірибесін тоқтатты. Қазір бұл қызметтердің құны облыстық перинаталдық орталықта 175 000 теңгеден 130 000 теңгеге, қалалық перзентханада 125 000 теңгеден 109 500 теңгеге дейін төмендетілді», -дейді Аршат Тайтуллин.