CaspianLife, 10 қаңтар — Атырау облысында сұйытылған газ сататын 22 кәсіпкерге қатысты тергеу басталды. Олар «бағаны көтеру бойынша өзара келісім жасасқан» деген күдікке ілініп отыр. Мұны ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдері хабарлады.
Сұйық газ сататын кәсіпкерлер тарапынан заң бұзушылықтар анықталған жағдайда оларҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша жауапқа тартылады. Яғни шағын және орта кәсіпкерлер кірісінің3% -ы , ірі кәсіпкерлік субьектілері кірісінің 5% -ы көлемінде айыппұл салынады, — деді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облыстық департаментінің басшысы Айгүл Нәбиева.
Егер жанар-жағармай бекеттерінде бағаны негізсіз өсіру дерегін байқасаңыз, 27 01 14, 8 702 124 03 95 нөміріне соғып хабарлауыңызға болады. Қазір аймақта автогаздың бір литрі 50 теңгеден сатылуда. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан елдімекендердегі шекті баға 55 тг деп белгіленіп отыр. Бұл бәс алты ай бойы сақталмақ.