CaspianLife, 13 желтоқсан – Бүгін сағат 11-лер шамасында Водников-2 мөлтек ауданында жол көлік оқиғасы орын алып, салдарынан №4 аурухананың жедел жәрдем қызметі көлігі аударылып, фельдшер ауруханаға жеткізілді.
Volkswagen Touareg маркалы темір тұлпармен соқтығысқан жедел жәрдем көлігі бір жақ бетіне аударылып қалған. Салдарынан фельдшер мен оның жүргізушісі зақым алып, ауруханаға жеткізілген.
Полиция департаменті оқиғаға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қазіргі таңда 1994 ж.т фельдшер нейрохирургия бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жағдайын бірқалыпты деп бағалады. Жол апаты салдарынан оның миы шайқалып, бет-жақ аймағының жарақаттарын алған.