CaspianLife, 6 желтоқсан – Ақтау полициясы жол бойында болған төбелесте жәбірленушілерді анықтады.
Төбелеске қатысы барлардың бірінің сөзінше, олар ресторанда бір әнге бірнеше рет тапсырыс берген. Бұл әрекет көрші үстелдегілерге ұнамай, арты төбелеске ұласқан.
«Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша Ақтау полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», — деп хабарлады полициядан.