CaspianLife, 17 қыркүйек — Ақтөбе әкімшілік сотына еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовқа талап арыз түскен.
Ақтөбенің үш тұрғыны Қиясовтың коронавирусқа қарсы вакцина алмаған қызметкерлерді жұмысқа жібермеу туралы қаулысынан тармақтарды алып тастауды талап етуде. Талапкерлердің айтуынша, санитарлық дәрігердің бұл талаптары заңсыз.
Ақтөбедегі сот Ерлан Қиясовтың жұмыс орны Нұр-Сұлтанда екенін және ол даулы қаулыны елордада да шығарғанын анықталғандықтан, істің өзі сол жерде қаралуы тиіс дейді. Нәтижесінде сот талап арызды Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберуді белгіледі.