CaspianLife, 13 қыркүйек — Грекия билігі медицина қызметкерлеріне коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын алуды міндеттеді. Бұл туралы жергілікті To Vima басылымы хабарлады.
Грекияның премьер-министрі Кириакос Мицотакидің айтуынша, халықтың едәуір бөлігі үшін үшінші доза қажет, сонымен қатар, ол вакцина иммунитеті төмен адамдар үшін керек екенін айтты.
Мицотакис ұлттық вакцинация комитеті тиісті шешім қабылдайтынын және бұрын вакцина алғандардың үшінші дозаны алуы маңызды екенін айтты.
«Бізде медициналық қызметкерлерден талап етілетін өтініштер бар. Оны басқа мамандықтарға да кеңейтуіміз керек деп ойлаймын», — деді Мицотаки.
Басылымның мәліметінше, медицина қызметкерлеріне COVID-19-ға қарсы вакцинасының үшінші дозасын алмаған жағдайда жұмысқа баруға рұқсат берілмейді және оларға ақы төленбейді.
Бұған дейін Грекияның Денсаулық сақтау министрлігі елдегі коронавирусқа қарсы талаптарды қатаңдату және вакцина алмаған адамдарды тегін тестілеуді тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын.