CaspianLife, 23 тамыз — 23 тамыздан бастап ХҚКО-ларда азаматтарды алдын ала брондау бойынша қабылдау тоқтатылып, оның орнына қабылдау Ashyq жүйесі арқылы жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі.
«Міндетті брондау санитарлық дәрігерлердің басты талабы болды, мұндай жұмыс режимі бәрін қабылдауға мүмкіндік бермеді, сондай-ақ брондау күні бірнеше аптаға созылатын еді. Қауіпсіз және бейтарап мәртебесі бар клиенттер енді мемлекеттік қызметтерді алдын ала брондаусыз ала алады», — деді» Азаматтарға арналған үкімет» басқармасының төрағасы Әділ Қожихов.
Сондай-ақ, Ashyq-пен талон беру жүйесі біріктірілген. Бұл ХҚКО-да кезекке талондарды беру кезінде клиенттің мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Қауіпсіз емес мәртебе анықталған кезде бағдарлама талонды басып шығарудан бас тартуды көрсетеді.