CaspianLife, 3 шілде — Өзбекстанда бірнеше әлеуметтік желіні пайдалануға шектеу қойылды. Бұл туралы елдің Ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мәлімдемесінде айтылған.
Әлеуметтік желілердің Өзбекстан азаматтарының жеке деректерін өңдеу кезінде заңнама талаптарының бұзылуына байланысты шектелгені хабарланды. 2 шілдеден бастап олар анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін «Дербес дерек субъектілерінің құқықтарын бұзушылар тізіміне» енеді.
Әзірге қай әлеуметтік желі екені белгісіз, бірақ қолданушылар «Twitter», «TikTok» және «ВКонтакте», сондай-ақ «Skype» жұмысында қиындықтар болғанын хабарлады.