CaspianLife, 30 маусым — Қытай қуаты жағынан әлем бойынша екінші орында тұратын «Байхэтань» гидроэлектростанциясын (ГЭС) іске қосты. Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан «Байхэтань» станциясын 2022 жылы толық пайдалануға беру жоспарланып отыр. Әзірге әрқайсысының қуаты 1 миллион киловатт болатын 16 энергоблоктың алғашқы екеуі іске қосылды.
Осылайша, ГЭС-тің жалпы белгіленген қуаты 16 миллион киловатт, ал жыл сайын «Байхэтань» сағатына 62 миллиард киловатт өндіреді. Барлық 16 генератор пайдалануға берілгеннен кейін гидроэлектр станциясының тәуліктік өндірісі 500 мың адам үшін электр энергиясына жылдық сұранысты қанағаттандырады.
Бұл станцияны әлем бойынша екінші тұрған орталыққа айналдырады. Қытайдың Хубэй провинциясындағы «Үш шатқал» ГЭС бірінші орында, онда 2020 жылы өндіріс сағатына 103,1 миллиард киловатт құрады, бұл бір гидроэлектр станциясындағы энергия өндірісінің әлемдік рекорды.
«Байхэтань» ГЭС іске қосылуы Қытайдағы көмірқышқыл газының жыл сайынғы эмиссиясын 51,6 миллион тоннаға қысқартуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Станция сонымен қатар Шанхайға және Қытайдың шығысындағы басқа қалаларға қуат жіберуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін Қазақстандағы ең ірі жылу электр станциясы Екібастұз ГРЭС-1 электр энергиясын өндіру бойынша тарихи рекорд орнатты. Соңғы рет мұндай көрсеткіш 1986 жылдың ақпан айында байқалды.