CaspianLife, 30 маусым — Фарер аралдарының тұрғындары жыл сайынғы жазғы жаппай киттерді сою жұмысын бастады. Фарер аралдарының жағалауы қызыл түске боялды. Save the Reef ұйымының мәліметтері бойынша, сүтқоректілер жабайы табиғатты қорғау туралы Берн конвенциясының қорғауында болғанына қарамастан, жергілікті тұрғындар түнгі уақытта 131 китті өлтірген.
Көші-қон кезінде су жануарлары жағаға жақын жүзеді. Жергілікті тұрғындар сол сәтте сүтқоректілерді қайықпен таяз суға қарай қуып, өлтіреді. Кейін қаңқаларын кесу үшін жағаға шығарады.
Жергілікті халық кит етін жейді, бірақ олар тамаққа қажет мөлшерден көп китті аулайды да, нәтижесінде тонна ет қоймаларда босқа шіріп кететін көрінеді.
Солайша, дәстүр бойынша жыл сайын орта есеппен 800 кит типтес балық өлтіріледі. Blue Planet Society жануарларды қорғау қоғамы Фарер аралдары мен Жапония басшыларын жыл сайын кит аулауды тоқтатуға шақырады.