CaspianLife, 30 маусым — Үндістанның солтүстігінде коронавирустан қайтыс болған адамдардың денесі Ганг өзенінің бетіне қалқып шыққан. Жергілікті тұрғындардың пайымдауынша, маусымдық су тасқыны терең орналаспаған қабірлерді қозғап жіберген. Бұл жағдайдан кейін билік кремация ұйымдастырған. Қазірдің өзінде 150 адам денесі өртелген.
«Біз денелерді қайта шығарып алмаймыз, бірақ су деңгейінің жоғарылауына байланысты қалқып шыққандарын кремациялаймыз. Мәйіттер шоғырланған аймақ бір шақырымға созылып жатыр. Біздің бағалауымыз бойынша, онда барлығы 500-600 адам жерленген болуы мүмкін. Рәсімдер кезінде барлық сақтық шаралары сақталады», – деді жергілікті шенеунік Нираж Кумар Сингх.
Су бетіне шыққан денелер көктемде коронавирустан қайтыс болғандар деп саналады. Ол уақытта Үндістанның көптеген тұрғыны кремация жасай алмағандықтан өлгендерді Ганг өзеніне ағызып жіберген.