CaspianLife, 18 маусым — Кеше кешке Израиль қорғаныс әскері Газа секторындағы ХАМАС нысандарына тағы да зымыран атқылады.
Бұл – тараптар арасындағы атысты тоқтату туралы шешімнен кейін бір апта ішінде жасалған екінші шабуыл. Осыған дейінгі шабуыл 16 маусым күні жасалды.
«Associated Press» басылымының мәліметі бойынша, Израиль жағы Газа секторы аумағынан жарылғыш құрылғылар мен жанғыш заттары бар шарлар ұшырылуына жауап ретінде ХАМАС нысандарына шабуыл жасағанын алға тартады. Бұл еврей мемлекетінің аумағында өрт шығуына себеп болған.
Еске салайық, 10 мамырда Иерусалим, Бейт-Шемеш және Израильдің оңтүстігінде әуе шабуылы жайында қауіп-қатер дабылы іске қосылған еді. сондағы зымыранмен жасалған соққыларды ХАМАС ұйымы өз мойнына алды.
Содан кейін Изриаль ХАМАС қозғалысының әскери нысандарына зымыранмен соққы жасаған. Бұл ХАМАС ұйымының шабуылына қарымта жауап дейді Израиль тарапы. Ал 21 мамырда Израиль мен ХАМАС атысты тоқтатуға келіскенмен, еврейл ұлтшылдарының арандатуға көбірек ұқсайтын шерулер ұйымдастыруы кесірінен арадағы қақтығыс қайта бұрқ етті.