CaspianLife, 8 маусым — Ғалымдар Аустралияда табылған динозаврлардың ең үлкен түрін анықтады. Квинсленд мұражайы мен Аустралиядағы Эромангтың табиғи тарихы мұражайының палеонтологтары Australotitan cooperensis динозаврының түрлерін жіктеп, оны континенттегі ең үлкені деп тапты.
Соңғы онжылдықта ғалымдар динозаврды басқа белгілі түрлерден ажыратуға тырысып, оның сүйектерінің суреттерін Бор дәуірінде, шамамен 92-96 миллион жыл бұрын Жасыл континентті шарлап жүрген динозавр отбасының басқа сауроподтарының сүйектерімен салыстыра отырып, оны анықтау үшін көп жұмыс жасаған.
Зерттеушілер ең үлкен динозаврды ол табылған жақын маңдағы Купер Крик қаласының құрметіне Купер деп атапты. Ғалымдардың айтуынша, титанозаврдың биіктігі 6,5 метр және ұзындығы 30 метрге жуық болған. Енді Australotitan cooperensis ең үлкен 15 динозаврдың қатарына кіреді.
Бұған дейін әлемдегі ең ежелгі титанозавр Оңтүстік Америкада табылған болатын. Ғалымдар динозаврлардың өлімі астероидтың құлауынан болған деген болжамды қолдап отыр.