СaspianLife, 27 мамыр — Сауд Арабиясында Кағбадағы имамға шабуыл жасалды. Үстіне ихрам киген жергілікті тұрғын тікелей эфирде мінберге қарай тұра ұмтылған.
Ол кезде әл-Харам мешітіндегі имамдардың бірі шейх Бандар Балила жұртшылыққа уағыз айтып жатқан еді.
Арабньюс сайтының хабарлауынша, сол жерде тұрған күзетшілердің бірі Мухаммад әз-Захрани құқықбұзушыны тоқтатып үлгерген. Мұндай келеңсіздікке қарамастан, халықты шошытып алмау мақсатында имам өзінің жұмысын әрі қарай жалғастыра берген.
Тәртіп бұзушыны тексере келе, оның 40 жасар саудтық араб екені анықталды. Ұсталғаннан кейін ол полицейлерге өзінің Мәді екенін айтқан. Қазіргі уақытта азамат қамауда отыр және оның психикалық ауытқушылығы болу мүмкін деген жорамал бар.