СaspianLife, 27 мамыр — Жапондық «Дай-хати Хокко-мару» балық аулау кемесі Момбецу қаласының маңында ресейлік «Амур» кемесімен соқтығысты. Бұл туралы Ресей Федерациясының Токиодағы елшілігі Жапонияның балық аулау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
Апат салдарынан үш жапондық балықшы қаза тапқан.
«Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Біз жапон тарапымен үнемі байланыста боламыз, оқиғаның барлық мән-жайларын нақтылаймыз», – деді Ресей елшілігі.
Жапондық балық аулау кемесімен соқтығысқан ресейлік «Амур» кемесінің Сахалин балық аулау компаниясына тиесілі екені анықталды. «Интерфакс» мәліметтері бойынша, бортта 24 адам болған. Олардың барлығы — Ресей Федерациясының азаматы. Капитан зардап шеккендердің жоқ екенін айтты.