Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсонның басы тағы да дауға қалды.
Бұл жолы Дауниң-стрит мемлекеттік резиденциясындағы жөндеу жұмыстарын қаржыландыруға байланысты бәлеге ұрынды. Ұлыбританиядағы партияларды қаржыландыруды қадағалайтын сайлау комиссиясы Премьер-Министрдің ережелерді бұзды деп күдіктенуге негіз бар екенін атап өтіп, бұл істі тергеуді бастады. Іле-шала Джонсон парламентшілердің сұрақтарына жауап беруге мәжбүр болып, пікірталасқа кірісіп кетті.
Бірақ оның оппоненттері олай ойламайды. Бұл істе көп шикілік бар дейді.
Джонсон мен оның өмірлік серігі Кэри Симондс Дауниң-стрит резиденциясындағы қымбат жөндеудің бір бөлігін, яғни 58 мың фунт стерлингті жеке қайырымдылық шоты арқылы төледі деп күдіктенеді. Джонсон болса 200 мың фунт стерлинг тұратын жөндеу жұмыстарын өз мойнына алғанын мәлімдеді. Оның жылдық жалақысы 42 мыңға жетіп жығылады.