Атырауда маса улау жұмыстары басталды. Бұл үшін қазынадан 100 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген.
Мердігер мекеме арнайы кесте бойынша қаладағы тұрғынүйлердің жертөлелері мен подьездерін улайды. Лесхоз шағын ауданында басталған жұмыс қазір Вокзал маңы ықшам ауданында жүріп жатыр. Дезинфекторлардың айтуынша, қансорғыштарға қарсы күрес айына бір рет, қараша айына дейін жасалады. Ал қолданылатын препараттардың адам ағзасына зияны жоқ.
Улау жұмыстарына 25-ке жуық маман жұмылдырылған. Дезинфекторлардың сөзіне сенсек, масаға қарсы дәрі-дәрмек тиісті жерлерге себілгеннен кейін 18 күнде нәтиже беретін көрінеді.