Жұмысқа бара жатып жоғалып кеткен Атырау тұрғыны Тыныштық Оразғалиевтің денесі Жайық өзенінен балық аулау торына оралған күйінде табылды. Бұл туралы «Ақ Жайық» хабарлайды.
«26 наурызда сағат 20.00 шамасында Жайық өзенінен 20 күн бұрын жоғалып кеткен 53 жастағы Тыныштық Оразғалиевтің денесі табылды. Туыстарының айтуынша, мәйіт балық аулау торына оралған. Енді ол сараптамаға жіберілді », – делінген хабарламада.
Оразғалиев 6 наурыз күні үйінен жұмысқа кетіп, жоғалып кеткен. Осы уақыт ішінде оны құтқарушылар, кинологтар мен еріктілер іздеді.