Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 25 наурыздағы мәліметтері жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Атырау облыстары тұр. «Сары» аймақта Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта. Айта кетейік, кеше үш облыс «қызыл» аймақта тұрғанын хабарлаған едік.