Шаһарды мұнай өнімдерімен ластаған бұрынғы «Ақжайық» жуу-булау станциясының аумағы тазартылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылы ауданаралық мамандандырылған экономикалық соттың шешімімен аталған мекеменің қызметі әуелі уақытша, кейін толықтай тоқтатылды. Сондай-ақ, 2019 жылдың желтоқсан айында олардан 900 мың теңгеге жуық айыппұл өндірілген болатын. Міне үлкен тазалық жұмыстары да сол жылы басталған еді.
Ұзақ жылғы күрестен кейін жеңіске экология департаментінің басшысы да дән риза. Оның айтуынша, мекеменің сот шешімін уақтылы орындамауы бірнеше рет кедергі болған.
Бүгінде «Қазақстан темір жолдары» АҚ өкілдері «Ақжайық» ЖБС аумағынан барлығы 390 тонна мазутталған топырақ және мұнай өнімдерінің қалдықтары бар 5 цистерна шығарылды. Сондай-ақ, бул жерді облыстың меншігіне өткізіп, кәдеге жарату да қарастырылып отыр екен.
Әзірге жобаның сметалық құжаттамалары толық дайын емес. Дегенмен әкімдіктің талабы таудай.