Бүгін Жаңаөзен қаласында екі адам газдан уланып көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кезекшіге сағат 09:00-де қоңырау түскен.
«Жаңаөзенде жеке тұрғын үйде улы газбен уланудан оқиға орнында 1965 жылғы ер адам мен 1969 жылғы әйел адам қайтыс болды», — делінген хабарламада.
ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Жаңабаевтың айтуынша, қазіргі мәлімет бойынша қайғылы жағдайға жылыту пешін пайдалану ережесін сақтамаму себеп болған.
Еске сала кетейік, 11 ақпанда Форт-Шевченко қаласында екі адам газдан уланып зардап шеккен болатын.