Атырау қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы болып Мұханбеталиев Әлібек Максимұлы тағайындалды.
Мұханбеталиев Әлібек 1984 жылы туған. 2005 жылы Атырау мұнай және газ институтын бітіріп, «Инженер-құрылысшы» мамандығын, 2017 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін аяқтап, «Құқық бакалавры» мамандығын алған.
Еңбек жолын 2003 жылы бизнес саласынан бастаған. 2007 жылдан бюджеттік мекемелерде басшы лауазымдарда жұмыс жасаған.
2020 жылдан мемлекеттік қызметте. Тағайындалғанға дейін қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары лауазымында жұмыс жасаған.