Еліміздің Бас мүфтиі іссапармен Атырауға келді. Екі күндік жұмыс сапарының алғашқы күні ғұламалар кеңесінің ХХІХ мәжілісімен ашылды. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Атап айтсақ, «үздіксіз білім беру тұжырымдамасы», «мұсылманның ғаламтордағы келбеті», «исламдағы жастардың тұлғалық бейнесі» және «зекет жинау мәдениеті» сынды тақырыптарға ғұламалар пікір білдірді. Кеңес төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы пандемия кезінде де жұмысты тоқтатпай, халықпен барынша қарым-қатынаста болғандықтарын айтты.
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ төрағасы
Пандемия уақыты болды, сол кездер де дәстүрлі құлшылықтарымыздың формасы өзгерді. Мсыалы, жұма намазын оқу, болмаса құдай астарын өткізу деген сияқты дәстүрлер өзгеріп, біз өз жұмысызды ҚМДБ онлайн форматқа ауыстырдық. Уағыздарымызды онлайн форматта жүргіздік.Мына сұрақ-жауаптар барлығы онлайн форматта болды, бұрынғыдай келіп кездесу емес. Және кол центрлер ашылып, 24 сағат халыққа қызметтер жасалды.
Пандемияға қарамастан ҚМДБ 14 пәтуа, 4 құжат, 4 ереже, ал онлайн режимде 11 мәлімдеме, 7 үндеу мен 2 пәтуа қабылдапты. Ал бүгінгі жиында екпе егу тақырыбы да талқыға түсті.
Батыржан МАНСҰРОВ, «Ғұламалар кеңесінің» хатшысы
Бүгінгі күнде өзекті мәселенің бірі — екпе егу мәселесі. Шынында да адам денсаулығын сақтап қалудың бірден бір жолы болса, діни шариғатта адамның денсаулығы бірінші қаралады. Денсаулығына қажетті дүние болған болса, онда оған екінші жол беріледі. Сол секілді ғұламалар кеңесі осындай діни үкімде, шариғи үкімде пәтуалар әзірлейді.
Отырыста «екпе егу» тақырыбынан басқа «төлем карталарын қолдану», «сақтандыру қызметі», «баланы қамқорлыққа алу» сынды мәселелердің де жобасы қаралды. Кеңес жұмысы ертең де жалғасып, пәтуалар мен құжаттардың барлығы ресми сайттарға жарияланатын болады.