Мектеп асханаларының жұмысы 1 жылдан кейін қайта жанданды. Кезекші сыныпқа баратын балаларының түскі аспен қамтылуын сұрап ата-аналардың өздері өтініш жасапты. Пандемия салдарынан біраз жұмысшысын ақысыз еңбек демалысына жіберуге мәжбүр болған кәсіпкерлер аз құраммен жұмысқа кіріскен.
Мектеп асханасының жұмысы енді қарқын ала бастағандықтан, мұнда әзірге мәзір бойынша дайындалатын — түскі ас қана. Ал ұннан жасалған тағамдар алдағы күндері сөрелерге қойылатын болады. Ол да целлофанға салынып берілмек. Айта кету керек, облыстың барлық мектептеріндегі асханалар жұмыс жасап жатқан жоқ.
Ереже бойынша асханаға 15 баладан артық кіргізілмейді және үстелге тек 2 оқушыдан отырғызылады. Тамақтанып болғаннан кейін балалар міндетті түрде қолдарын жуады. Әр сағат сайын асхана ішінде тазалық жұмыстары жүргізіледі. Мұның барлығының орындалуын мектеп медбикесі қадағалайды.
Малика Такежанова