Жалақысынан қағылған жұртшылық жиын ұйымдастырды. 2 айдан бері еңбекақы қолына тимеген «ТехникаРемстрой» компаниясының жұмысшылары «ақымызды ала алмағанымыз аздай, бір жылдан бері медициналық сақтандыру мен зейнетақы жарнамыз төленбей келген» дейді.
Асхат БАЛЫБАЕВ, құрылысшы
Осы уақытқа дейін ештеңе төлемеді. Бірақ төлемеген себебі айтты.Біз сендерге үш ай сайын аударып отырмыз деп. Енді осы Дамба елінде жүргесін біз көп қарамаймыз. Бірақ біз кеше соңғы рет барып қарағанымызда ештеңе түспеген.
Жалақының уақытылы төленбеуін жұмыс берушілер есепшоттың бұғатталуымен түсіндірді. Осы жағдайдың құрбанына айналған мердігерлер де компанияның өзіне миллион теңгеге жуық қарызы бар екенін айтады.
Көпшіліктің көңілін күпті еткен мәселеден енді ғана хабардар болдық деген әкімнің орынбасары мен құрылыс бөлімінің басшылары жағдайды реттейтінін айтып уәде берді.
Мерей ЖАНТӨРЕЕВ, Атырау облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы
Ең бірінші кезекте жұмысшылардың жалақысын ең бірінші төлеуге міндеттемелер алды. Осы аптаның ішінде толық төлеп бітіреді.
Айта кетейік, «ТехникаРемстрой» — Дамбы ауылдық округіндегі мектеп құрылысына жауапты компания. Ғимарат осы жылдың шілде айында тапсырылуы қажет. Ал құрылысшылардың ақ адал ебегі ақтала ма, жоқ па уақыт көрсетеді.