Атыраулық тұрғынның үйінен киіктің заңсыз сақталған 106 мүйізі тәркіленді.
Полицейлер Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылында тұратын 34 жастағы азаматтың баспанасынан тіркелмеген тегіс ұңғылы 2 аңшылық қаруы да табылды. Тәртіп сақшылары тексеру барысында оның түнгі уақыттары мотокөлікпен «Қызыл кітапқа» енген жануарды қынадай қырып келгенінін анықтады. Қазір сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.
Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД ресми өкілі
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339 бабы 3 бөлігі бойынша «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Малика Такежанова