«Атырау облысында өткен тәулікте облыс бойынша 46 сәби дүние есігін ашты», — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Сайлау өткен тәулікте дүниеге келген нәрестелердің 27-сі ұл, 19-ы қыз бала. Қазіргі таңда дәрігерлер: «сәбилердің де, жас аналардың да денсаулық жағдайлары қалыпты», — деп отыр. Атап өту керек, 1-9 қаңтар аралығында облыс бойынша 335 сәби өмірге келді.
Еске сала кетелік, бұған дейін сайлау күні Атырау облысында 101 жас ана перзентханаларда дауыс бергенін хабарлаған болатынбыз.