«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Достық үйінің қызметкерлерімен кездесті. Олар сайлауалды бағдарлама турасында ой алмасып, биыл оның ерекше екенін атап өтті. Себебі, жобада бес жылда жүзеге асырылатын білім беру, денсаулық сақтау, экология, мәдениет саласындағы барлық жұмыс көрсетілген.
Жиында Достық үйінің ұжымы кеңейтілген жаңа ғимарат сұрады. Себебі, концерттер мен түрлі салтанатты іс-шараларда көрермендер залға сыймайтын көрінеді. Ал партиялықтар бұл мәселемен бұрыннан таныс екенін жеткізді. Үміткерлер келер жылы қаржы бөлу кезінде жаңа нысан салуға уәде етті. Орталықтағы Құлманов көшесінде аялдамалардың болмауы мен жолдардың нашарлығы жиналғандардың жүйкесін тоздырған.
Кандидаттар мәселені жергілікті әкімдіктермен бірлесіп шешуге уәде берді. Өйткені, жұмыстар халық игілігі үшін атқарылуы тиіс. Пандемия басталған тұста билік тарабы азық-түлік жиынтықтары мен дәрілік заттарды үйлерге жеткізіп беру мен мұқтаж адамдарға қаржылай көмек көрсетуді қолға алды. Ал кандидаттар «Неліктен «Nur otan» партиясын таңдау керек?» деген сұраққа былай жауап берді:
Нұрлыбек АЛТЫНБЕКОВ, «Nur Otan» партиясынан облыстық маслихат депутаттығына кандидат
Бұрын «Nur Otan» партиясының мүшелігінде болғандар – қазір билік басында. Партияның нақты бағдарламалары бар және олар берілген уәделердің жүзеге асуын қадағалап отырады.
Кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары рет бойынша емес, халықтың мәселелерін шешу үшін өткізіледі деп сендіреді. Себебі «Nur Otan» партиясының ғана барлығына мүмкіндігі бар.