«Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалы Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар саланың мамандарын марапаттауды дәстүрге айналдырған.
Биыл партияның Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Нұрлыбек Ожаев аталған дәстүрді одан әрі жалғастырды.
Мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты шарада Нұрлыбек Жұмахметұлы қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, егемендігіміздің құндылығына, қадір-қасиетіне тоқталып өтті. Ол өз кезегінде өңірдегі жастарға, әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше жағдай қалыптастыру мақсатында бірқатар жұмыс атқарылатынын да тілге тиек етті.
Жиын барысында 1986 жылы Алматы қаласында болған Желтоқсан оқиғасына қатысып, ел тәуелсіздігін алу жолында өзіндік үлестерін қосқан атыраулық Кенжеш Аққуова мен Жұмазмя Абдрахманова алғысхатпен марапатталды.
Сондай-ақ, облыстық мәслихатқа кандидаттар жастарды алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырып, «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.