Облыстық полиция департаменті рейдтік іс-шаралар барысында заңсыз түрде жалға берілген 500-ге жуық пәтерді анықтады.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, тұрғын үй иелері баспанасын тиісті құжаттарсыз ұсынған. Жыл басынан бері түнгі тыныштықты бұзған мың жарымнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Пәтерді сағатына немесе тәулігіне жалға алатындардың қатары, әсіресе, пандемия кезінде көбейгенін атап өткен жөн.
Гүлназира МҰХТАРОВА, облыстық ПД баспасөз хатшысы
Аталған заңсыздықтардың нәтижесінде оларға қатысты ҚР ӘҚБТК-нің 437-ші, яғни, «Тыныштықты бұзу» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Биыл осы бап бойынша 1500-ден астам адам жауапқа тартылды.