Францияның Информатика және азаматтық бостандықтар жөніндегі комиссиясы америкалық «Google» мен «Amazon» интернет компанияларына айыппұл салды.
Оған желі пайдаланушыларының жеке ақпараты сақталған файлдарды олардың келісімінсіз пайдаланғаны себеп болған. Нәтижесінде, «Google-ға» 100 миллион еуро, «Amazon» компаниясына 35 миллион еуро айыппұл салынды.
Француз заңынан сәйкес, интернет сайттар пайдаланушыларға ақпараттың жиналатынын және оның қандай мақсатта жүзеге асырылатынын хабарлауы тиіс. Әдетте интернетте жарнамалық хабарламалар жариялаумен айналысатын компаниялар қажетті ақпаратты еш кедергісіз алады. Себебі, пайдаланушының қандай сайттарға кіретіні туралы мәлімет қолжетімді. Ал бұл пайдаланушының қызығушылығы мен сұраныстарын анықтауға мүмкіндік береді.