Халықаралық олимпиада комитеті Александр Лукашенко жетекшілік ететін Беларусь ұлттық олимпиада комитетінің басшылығын олимпиада ойындарынан шеттетті. Шешімге сәйкес, тыйым уақытша салынған, жағдайдың өрбуіне қарай ол тағы өзгеру мүмкін.
Негізгі себеп, тамыз айында мыңдаған беларусь спортшысы президент сайлауын қайта өткізуді талап етіп билікке хат жазған көрінеді. Сонымен қатар, олар наразылыққа шыққандарға күш көрсетуге қарсылықтарын білдірген. Содан кейін кейбір спортшы ұсталып, сотталған. Олардың қатарында фристайлдан әлем чемпионы Александр Романовская, гимнасшы Светлана Куделич, палуан Андрей Кравченко және баскетболшы Елена Левченко бар.
Соған байланысты халықаралық олимпиада комитеті спортшыларды саяси себеппен қудалады деген күдікке ілінген Беларусь билігінің әрекетін зерттеуді қолға алған. Ал бұған Александр Лукашенко «Әлемде әділеттілік жоқ!» деп халықаралық олимпиада комитетімен соттасатынын айтты.
Александр Лукашенко, Беларусь президенті
Біз сотқа жүгінеміз, халықаралық олимпиада комитеті сол жерде менің кінәмді дәлелдесін. Мен өз елімді қорғағаным үшін айыпты емеспін. Әділ саясат жүргізсең, ешкімге керек болмайсың, керісінше жауға айналасың.