Францияда кибершабуыл ісі бойынша ресейлік Александр Винник сотталды. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Десе де, сот оның кейбір кибершабуылға арналған бағдарламаларды құруға қатысы бар екендігіне дәлел жетпегендіктен бірқатар айыптаудан арашалап қалды.
Прокурор Виникті әлемдік деңгейдегі хакер деп 10 жыл түрмеде ұстауды талап еткен еді. Тергеу мәліметтері бойынша, ресейлік жасаған кибершабуыл салдарынан 2016–2018 жылдар аралығында 200-ге жуық компания мен жеке тұлға зардап шеккен. Александр Виник өз кінәсін мойындамайды, ол Локки вирусына еш қатысы жоқтығын алға тартты.
Ресейлік хакер 2017 жылдың жазында АҚШ-тан түскен шағым бойынша Грекияда ұсталған. Ол кезде Винникке биткоиндерді пайдалана отырып кем дегенде 4 миллиард долларды жымқырды деген айып тағылды.