Франция прокуратурасы қара нәсілді продюсер Мишель Зеклерді ұрып-соғуға қатысқан 4 полицияға айып тақты. Оларға лауазымдық міндеттерін орындау кезінде қызметтерін асыра пайдаланып зорлық-зомбылық көрсетті деген кінә тағылуда.
Сондай-ақ, оқиғадан кейін берілген есепте жәбірленушіге қатысты жалған түсініктеме берген. Прокуратура 3 айыпталушыны айғақтарды үйлестіріп, куәгерлерге қысым көрсетпеу мақсатында қамауға алуды сұраған. Ал төртіншісі бостандықта қалады, бірақ үнемі тергеу судьяның бақылауында болады. Бұл істі қадағалап отырған прокурор Реми Эйтц баспасөз мәслихатында айыпталушылардың алғашқы жауап алу кезінде берген айғақтары туралы айтып берді.
Реми Эйтц, прокурор
Олар жәбірленушіні соққыға жыққандарын мойындады, бірақ оны қарсы тараптың көрсеткен қарсылығы мен оны ұстау мақсатында жасалды деп түсіндірді. Зеклерді басқаша әрекетпен ұстап тұру мүмкін болған жоқ деді.
Франция президенті Эммануэль Макрон да танымал продюсерді ұстау кезінде түсірілген бейнежазбаның оған әсер еткенін жасырмады. Сондай-ақ, ол халық арасында тағы да нәсілшілдікке қатысты көтеріліс басталып кетпейді ме деген қауіптің барын да айтып қалды.