Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің әскери кафедрасында екінші курстың 100-ден аса студенті алғаш рет онлайн форматта іріктелді. Карантиндік шектеулерге байланысты оқыту қашықтан жүзеге асырылуда.
Әскери кафедраға іріктеу кезінде студенттер Атырау қорғаныс істері жөніндегі Басқармасының медициналық комиссиясынан және университеттегі психологиялық тестілеуден өтті. Үміткерлердің дене дайындығы «Дене шынықтыру» пәні бойынша бағаланды. Алайда сутедентті қабылдау үшін 1 курстағы үлгерімі негізге алынды.
Серік АБСАМАТОВ, әскери кафедра бастығы, запастағы подполковник
Карантиндік шектеулерді ескере отырып, студенттер қашықтықтан оқыту қызметтерін пайдалану арқылы оқытылуда. Оқу процесі белгіленген күндері үзіліссіз өтеді. Барлық пәндер бойынша конспектілер мен тапсырмаларды студенттердің электронды поштасына жібереміз.
Бүгінгі күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің әскери кафедрасында, болашақ запастағы офицерлер «біріккен қару-жарақ бөлімдерін, бөлімдері мен құрамаларын жауынгерлік қолдану», «аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру», әскерлерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру және қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету» мамандықтарымен оқытылып келеді.
Әскери кафедра кабинеттері барлық қажетті оқу-әдістемелік, техникалық, көрнекі құралдармен жабдықталған. Сонымен қатар, білім беру мекемесінде қару-жарақ сақтайтын бөлме және атыс жаттығулары дағдыларын жетілдірілуге арналған интерактивті ату алаңы бар.
Қазіргі уақытта жастардың бастамаларын дамыту және қолдау, ұлттық әскери өнер тарихын игеру және жастарды Қарулы Күштерде қызмет етуге дайындау үшін әскери кафедраның базасында «Сармат» әскери-патриоттық клубы жұмыс істеп келеді.