ҚР Тұңғыш Президент күніне орай, Жылыой аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне жаңа ғимарат берілді.
Он сегіз кабинеттен тұратын, қосқабатты нысанда мұрағат істерін сақтауға арналған бөлме, бейнеконференция өткізетін мәжіліс залы және өз-өзіне қызмет көрсету аймағы орналасқан. Заман талабына сай жасақталған сәулетті құрылысқа 175 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалды. Ғимаратты жобалау барысында мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайы да назарға алынған.
Нұржарық САУЫТОВ, Жылыой аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы
Бұл ғимараттың құрылысы былтыр наурыз айында басталған. Енді, міне, тапсырып жатыр. Жұмысымызды жаңа ғимараттан бастап жатырмыз. Өте жақсы салынған, жаңа талапқа сай, ішінде барлық жағдай жасалған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да ішінде барлық ыңғайлы орта қалыптастырылған.
Шара соңында ғимараттың құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер мекеме жаңа нысанның символикалық кілтін табыстап, аудан әкімімен бірге тұсауын кесті.