Атырауда алғашқы қар жауды. Синоптиктер таяу күндері ауа температурасының –15 градусқа дейін төмендейтінін айтады. Орташа есеппен алғанда, тәуліктік температура 1 градус, ал түнде термометр көрсеткіші 10 градусқа дейін төмендейді.
Қарашаның соңында ауа райы құбылмалы болмақ. Яғни, тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін барады. Сондай-ақ, аймақтағы циклонға байланысты жауын-шашын күтіледі.
Айнұр ДӘЛУБАЕВА, инженер-синоптик
Фронтальды бөліммен бірге оңтүстік циклонның шығуына байланысты облыста тұрақсыз ауа-райы күтіледі. Алдағы екі күнде облыс бойынша жауын-шашын, кей жерлерде ол тіпті күшейеді. Тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Желдің бағыты оңтүстік батыстан, оңтүстіктен соғады, күші 9-14 м/с.