Ресей думасы Владимир Путиннің жеке басына тиіспеуге кепілдік беретін заң жобасын мақұлдады. Құжат биыл жазда референдум арқылы қабылданған Конституцияға енгізілген өзгеріс негізінде әзірленген.
Жаңа заң президент Владимир Путинге 2036 жылға дейін билікте қалуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекет басшысы мен оның отбасын қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартуға тыйым салуды да қарастырады. Құжатқа сәйкес, оларды ұстауға, қамауға, тінтуге және тергеуге болмайды. «Мемлекетке опасыздық жасады» деген жағдайда мемлекеттік дума және жоғарғы сот пен конституциялық соттың мақұлдауымен ғана жазаға тартылуы мүмкін.
Қазіргі заңға сәйкес, президент құзырет мерзімі аяқталғанша қызмет барысында жасаған істері үшін қылмыстық не әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Одан бөлек, мемлекеттік дума елдің бұрынғы президентіне өмір бойы сенатор болу құқығын да мақұлдады. Демек бұл қызметке келген адам қылмыстық қудалаудан құтқаратын иммунитетке ие болады. Заң жобасы мемлекеттік думада үшінші оқылымнан кейін федералдық кеңеске жіберіледі, одан әрі Путинге жолданады.
Осыған ұқсас заң әлемнің бірнеше елінде бар. Соның ішінде Қазақстанды мысал ретінде атауға болады.