Екінші тоқсанда 5-сынып оқушылары үшін кезекші кластар ашылмайды. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігерінің орынбасары Гүлназ Ербатырова мәлімдеді.
Гүлназ ЕРБАТЫРОВА, Атырау облыстық бас санитариялық дәрігерінің орынбасары
Біз ескі қаулы бойынша әрекет етеміз, оған сәйкес, екінші тоқсанда тек бастауыш сынып оқушылары ғана мектепке бара алады. Мұндай шаралар коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қабылданды.
Еске салайық, республикалық ведомствоаралық комиссия бесінші сынып оқушылары үшін кезекші сыныптардың ашылуын құптаған еді. Алайда соңғы шешім әр облыстың бас санитарлық дәрігерлеріне тиесілі.
Эпидемиологтар Атырау өңірінің «жасыл аймақта» тұрғанына қарамастан сақтануды жөн көріп отыр. Сондықтан ата-аналар, мұғалімдер мен шәкірттердің әрі қарай онлайн сабаққа қатысып, ендігі үмітті үшінші тоқсаннан күтуден басқа амалдары жоқ.