Бүгін Парижде болған террорлық шабуылдардың басталғанына 5 жыл болды. «Ислам мемлекеті» ұйымына қатысы бар экстремистік шабуылдар нәтижесінде 130 адам қаза тауып, 413-і жарақат алған.
Бес жыл бұрын дәл осы күні кешкі сағат тоғыз шамасында террористер Париждегі «Стад де Франс» стадионына жақын жерде жарылғыш құрылғыларын іске қосқан еді. Ол кезде Франция президенті Франсуа Олландтың қатысуымен Франция мен Германия құрамаларының жолдастық ойыны өтіп жатты. Сондай-ақ, Шарон, Вальтор бульварында және Фонтен-о-Руа мен Алибер көшелерінде қылмыскерлер көшеде жүрген адамдарға оқ атқан.
Америкалық «Eagles of Death Metal» рок тобы өнер көрсетіп жатқан Батаклан концерт залы да шабуылға ұшырады. Террористер концертке келген халықты тұтқынға алып, полиция қызметкерлерімен атысты. Жалпы алғанда, қатарында Бельгия, Франция және Марокко азаматтары бар жеті террорист оқиға орнында өз өздерін жарып жіберген еді.
Тергеу мәліметтері бойынша террорлық шабуылдарды ұйымдастыруда француз Салах Абдеслам басты рөл атқарған. Ол 2016 жылдың наурызында Бельгияда ұсталып, Францияға экстрадицияланды. Қазір «Флёри-Мерожи» түрмесінде қамауда отыр. Елде болған оқиғадан кейін 3 күндік көпұлтты аза тұту жарияланды. Барлық аумақта төтенше жағдай енгізіліп, шекаралық бақылау күшейтілді.
20 адам қарашада болған шабуылға қатысы бар деген күдікке ілінді.