Қараша жылы ауа райымен қуантады дейді синоптиктер. Алайда айдың басында облыста күн құбылмалы болып, тұман түседі. Желдің күшеюі секундына 20 метрге жетіп, өңірдегі циклонның әсерінен жаңбыр жауады.
Алдағы күндері орташа ауа температурасы 8 градус цельсийді құраса, түнде сынап бағасы минус 3-ке дейін түседі. Ал шамамен он тәуліктен соң термометр көрсеткіші 20 градусқа дейін жоғарылап, қайтадан күн жылынады.
Мейіргүл ҒИЛАЖЕВА, инженер-синоптик
Айдың басында облыстағы күн райына солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Сол себепті, күн бір жылынып, бір суиды. Алайда екінші және үшінші декадада ауа райы тұрақталып, қазіргі қалпына келеді деп болжап отырмыз.