Атырау облысында жедел жәрдем шақыртуының азаюына байланысты covid-таксидың жұмысы тоқтатылды.
Бұл қызмет індет өршіген тұста Атырау мен Құлсары қалаларындағы стансаларға қосымша көмек көрсету үшін іске қосылған. Олар пневмония мен коронавирустан үйде ем алып жатқандарға медициналық жәрдем көрсетті. Науқас көбейіп, қоңырау саны тәулігіне 1 300-ге дейін барғанда соның 30 процентіне қызмет еткен осы – covid-такси бригадасы.
Бауыржан ТӨЛЕГЕН, Атырау облыстық жедел-жәрдем стансасының директоры
Қазіргі 600–700 шақыртуға өзіміздің автокөліктер үлгеріп жатыр. Онлайн консультация да беріліп жатыр. Сондықтан covid-таксилердің қажеттілігі жоқ. Әкімдіктен бөлінген жүргізушілер, еріктілер бар – барлығы көмек көрсетті. Көбіне өзіміздің қызметкерлер жүрді.